
кәсіби психологтар сайты
бірлескен қоғам психологтары туралы мәлімет
пен психологиялық көмектің бұлақ көзі
«ҚАЗАҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
Миссиясы: Этномәдени құндылықтарды негізге ала отырып, қазақ психологиясын дамыту.
Мақсаты: Әлеуметтік маңызы бар ғылыми зерттеулерді жүргізу, халықтың психологиялық сауаттылығын арттыру және педагог – психологтардың біліктілігін жетілдіру арқылы Қазақстанда психология ғылымының дамуына жан-жақты ықпал ету.
Міндеттері:
-
Халықаралық психологиялық ғылыми қоғамдармен және ұйымдармен қарым-қатынас орнату;
-
Халықаралық, республикалық деңгейде ғылыми конференциялар өткізіп, біліктілікті жетілдіру курстарын, симпозиумдар, съездер мен форумдар ұйымдастыру және олардың материалдарын психологиялық журналдарға, реферативтік басылымдарға, әдістемелік нұсқаулықтарға жариялап отыру;
-
Қазақ психология қоғамының облыстық филиалдарын ашу және олардың жұмысын басқару;
-
Қазақ психологиясының түрлі салалары бойынша ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар, оқу құралдары мен монографияларды сараптау және видеофильмдер, кинофильмдер, электрондық оқу материалдарын дайындау;
-
ҚР білім және ғылым министрлігінің және басқа да мекемелер мен ұйымдардың психологияға қатысты мәселелерге сараптамалық қорытынды беру;
-
Қазақ психологиялық қоғам мүшелерін конференциялар мен ғылыми форумдарға, жақын және алыс шет елдердегі психологиялық конгрестерге жіберу;
-
Психологияға қатысты ғылыми ұйымдастырушылық мәселелері бойынша үздік ғылыми еңбектерді марапаттау;
-
Халықаралық және Республикалық мемлекеттік сатылымдарға, гранттарға қатысу.
Қазақ психологиялық қоғамы гуманитарлық бағыттағы ғылымдардың көрнекті өкілдерін, әлемдік және Қазақстанда белгілі жетістікке жеткен ғалымдар мен практик мамандарды шоғырландырған Бірлестік. Атап айтқанда, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, phD докторлары, магистрлер, мектепке дейінгі, мектеп және басқа да ғылым және білім орындарының мамандарын біріктіретін Республикалық статусы бар ұйым.